Бұл Қарағанды тас жолы, "Нұрлы Жол" теміржол вокзалы, қаланың сол жағалау арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етпек.
Осылайша Нәжімеденов, Байтұрсынов көшелерінің жолдарындағы жүктеме азайып, Қошқарбаев даңғылы, Айнакөл көшесі, Абылайхан даңғылы, Қобда көшесі және т. б. транзиттік көліктің бір бөлігінен босайды.
"А62 көшесі 8 жолақты. Бүгінде аталған көшедегі жұмыстардың бір бөлігі аяқталды. Бұл 4 жолақты қозғалысты ашуға мүмкіндік беріп отыр. Қалған 4 жолақты абаттандыру жұмыстары көктемде жалғасады", - делінген хабарламада.