Астанада жаңа маршрут іске қосылды

327

4 қарашадан бастап жаңа автобустарды жеткізу аясында "Үркер" тұрғын алабы – "Нұрлы жол" теміржол вокзалы қатынасымен жаңа №66 бағыт іске қосылады.

Астанада жаңа маршрут іске қосылды Фото: canva.com

Бағыт Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы жүреді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, елорданың оң жағалауы мен сол жағалауы арасындағы көлік қатынасын жақсартады.

Сондай-ақ Үркер ТА мен "Нұрлы жол" теміржол вокзалы арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, Ж.Нәжімеденов, Керей-Жәнібек хандар, Қ.Мұхамедханов көшелерінде орналасқан тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді, сондай-ақ Үркер тұрғын алабы ішіндегі қоғамдық көлікпен қамтуды арттырады.

Айта кету керек, №66 бағдар қолданыстағы №№ 14, 35, 36, 45, 50, 56 бағдарларының жүктемесін азайтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу