Астанада жаңа жағалау ашылды

532

Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.

Астанада жаңа жағалау ашылды Фото: gov.kz

Сарыарқа ауданында жеке инвестициялар есебінен Шабал Бейсекова көшесіндегі көпірдің жанында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды.

Жалпы абаттандырылған аумақ – 0,96 га құрайды. Жағалауда қала тұрғындары үшін түрлі демалыс алаңдары орналастырылған, оның ішінде:
- амфитеатр;
- балалар және спорт алаңдары;
- велосипед, жүгіру, серуендеу жолы;
- баскетбол, волейбол, футбол алаңы;
- өрмелеу алаңы;
- скейтпарк.



Аудан бойынша абаттандыру жұмысы белсенді жүріп жатыр. Құрылыс маусымы басталғалы Көктөбе көшесінде (Көктал-1 елді мекені) және Фахд бен Абдул Азиз көшесінде (Агроқалашық елді мекені) қоғамдық кеңістіктер жайластырылды.

Сонымен қатар, "Шапағат" СҮ және Желтоқсан-Бұқарбай батыр-Бейбітшілік көшелерінде жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жұмысы жүріп жатыр.

Айта кетейік, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың оң жағалауы қалай көркейетінін мәлім еткен болатын. Оның айтуынша биыл қаланың оң жағалауында 130-ға жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Қазірдің өзінде 50-ге жуық орында тиісті жұмыстар аяқталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу