Астанада жаңа жыл мерекесі қалай тойланады?

355

Елорда тұрғындары үшін жаңа жылдық бағдарлама ұйымдастырылады.

Астанада жаңа жыл мерекесі қалай тойланады? Фото: gov.kz

Елорданың тұрғын алаптарында 30 -31 желтоқсан күндері барлық жастағы көрермендер үшін жаңа жылдық мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жаңа жылдық мерекелік бағдарлама Астана қаласы Мәдениет басқармасының және аудан әкімдіктерінің 12 ведомстволық бағынысты ұйымдарының қатысуымен өтеді.

Елордалық саябақта 30 желтоқсан күні сағат 18: 00-19:00-де концерт өтеді.

31 желтоқсанда сағат 12:00-13:00-де мерекелік бағдарлама төмендегі тұрғын алаптарда ұйымдастырылады:

Есіл ауданы – "Пригородный" ТА;
Алматы ауданы– ЖМ "Интернациональный" ТА;
Сарыарқа ауданы – "Көктал" саябағы;
Байкоңыр – ЖМ "Өндіріс" ТА.

Мерекелік іс-шараға шығармашылық ұжымдар мен қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, 31 желтоқсан күні сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін қалалық алаңда, "Қазақ елі" монументінің жанында, ЭКСПО алаңында елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған "Жаңа жыл түні" мерекелік концерттері өтеді.

Іс-шараға отандық эстрада жұлдыздары Qanay, Әли Оқапов, Ayree, Маржан Арапбаева, Ильхан Ихсан, Кенжебек Жанабілов, Диана Исмаил, Аука, Еркеш Хасен, Серік Ибрагимов, Әлішер Кәрімов, "Килиманджаро" тобы, Алмас Кішкенбаев, Бейбіт Қорған және басқа да көптеген әртістер қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу