Жақында қалада жаңа зираттың бірінші кезегінің құрылысы аяқталады, ол солтүстік-шығыс бағытта Көкшетау қаласына апаратын айналма жолдың ауданында орналасатын болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Аумақ бірнеше секторға бөлінген: мұсылман, христиан молалары және қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапқан әскерилерге, сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген қайраткерлеріне арналған секторлар.
"Жаңа зираттың құрылысына бөлінген аумақтың ауданы - 460 гектар. Бұл аумақ ресми түрде Астана қаласының шекарасына енгізілді. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, 124 гектар болатын құрылыстың бірінші кезегі қолға алынды. Аталған аумақ алдағы 11-13 жылға жерлеу орындарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп мәлім етті Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Александр Терещенко.
Қазіргі уақытта зират аумағына көлікпен келу жолын салу, секторларды учаскелерге бөлу, электр қуатымен жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Жалпы жерлеу ауданы 982 340 м2 құрайды.
Брифинг барысында белгілі болғанындай, бірінші кезектің құрылысы кезінде Азалы рәсімдер үйі салынады, және концептуалды түрде екінші кезекте шіркеу мен мешіттің құрылысы қарастырылуда.
Сондай-ақ, жобаның құрамында шағын архитектуралық формалардың элементтері, аумақты қоршау, ашық автотұрақтар, зират аумағын көгалдандыру жоспарланған.