Астанада жаңадан пайда болатын ауданның атауы бекітілді

756

Астанада жаңадан пайда болатын ауданның атауы бекітілді

Ономастика комитеті елорданың төртінші, жаңа ауданының атауын бекітті, деп хабарлайды қалалық "Астана ақшамы" газетіне сілтеме жасаған zakon.kz

Республикалық ономастика комитеті қалалық комиссияның шешімін еш өзгеріссіз қалдырып, отырыстың хаттамасын әкімдікке жолдаған.  Бұл туралы  қалалық қоғамдық кеңестің отырысында  мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов мәлім етті.

Кеңесте қаралған мәселелердің бірі – қала шекарасын айқындау болатын.  Ол туралы  сәулет және  қала құрлысы басқармасының басшысы Бақтыбай Тайталиев баяндады.

"Соңғы бес жылда Астана халқының саны 35 пайызға ұл­ғайып, 645 мың адамнан 1 млн 10 мың адамға жетті. Былтыр қала территориясына 8 мыңнан астам гектар қосылды. Бұл – Майбалық көлі, пантеон. Халықтың тығыздығы мәселесін шешу үшін жаңа мектептерді, балабақшаларды, емханаларды, көлік жүйесін, инженерлік инфрақұрылымды салу мақ­сатында төртінші ауданды ашу қажеттілігі туындады" деді баяндамашы.
Оның айтуынша, төртінші ауданның шығыс бөлігі Алматы ауданымен, батыс және оңтүстік бөлігі Сарыарқа ауданымен, ал Есіл өзені арнасымен Есіл ауданымен шекараласады. Жалпы алғанда, қала аумағы 79 мың 733 гектарды құраса, соның ішінде жаңа аудан 18 мың 129 гектарды алады. Халық санына келсек, онда 211 мың адам тұратын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу