Астанада жаңадан салынған тұрғын үйден өрт шықты

370

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Астанада жаңадан салынған тұрғын үйден өрт шықты Фото: видеодан алынған кадр

Астанада Төле би көшесінде жаңадан салынған тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сағат 14:05-те Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Төле би көшесі 16 мекенжайындағы жаңа ғимараттан түтін көрінгені туралы ақпарат түсті. Келген кезде жаңадан салынған 17 қабатты тұрғын үй кешенінің шатырында 10 шаршы метр аумақта шатыр материалы мен оқшаулағыш материал (минералды мақта) жанып жатқаны анықталды. Сағат 14.24-те өрт оқшауланып, сағат 14:29-да өрт толық сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі - отпен жұмыс жасау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы", - делінген ТЖМ хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу