Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Жаңажол көшесінде орташа жөндеу жұмысын бастады.
Жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде.
Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 4-5 шілде аралығында Алаш көпірінен М. Горький көшесіне дейінгі учаскеде Жаңажол көшесі бойынша көлік қозғалысы ішінара жабылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу