Астанада жаңажылдық отшашуды қай жерден тамашалауға болады?

387

Отшашу қаланың бірнеше жерінде атылады.

Астанада жаңажылдық отшашуды қай жерден тамашалауға болады? Фото: gov.kz

Астанада Жаңа жылға арналған мерекелік отшашу демеушілер қаржысы есебінен ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Сағат 00:00-де отшашуға дейін Қазақстанның әнұраны шырқалады. Кейін Ботаникалық бақ пен "Атырау" көпірінің аумағынан Әр орыннан шамамен 1 мың отшашу атылады деп жоспарланған.

Сонымен қатар 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қаладағы үш жерде мерекелік іс-шаралар өтеді. 31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02.00-ге дейін орталық алаңда, "Қазақ елі" монументі аумағында және ЭКСПО алаңында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен "Жаңа жыл түні" мерекелік концерті өтеді.

Сондай-ақ, тұрғын үй алаптарында да жаңажылға арналған мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу