Астанада және бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

404

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада және бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды Фото: inbusiness.kz

Синоптиктердің болжамынша, 3 наурызда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Көкшетау қаласында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с болады деп болжанды.

Ертең Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Жексенбіде Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с болады.

Шымкент қаласында кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Түркістанда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі.

Астанада жексенбі түнде және таңертең тұман күтіледі.

3 наурызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады деп болжанды. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Петропавл қаласында күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Ертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі деп болжанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу