Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Жангелдин көшесінде жөндеу жұмысын бастады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 6-10 маусым күндері Жангелдин көшесінің Республика даңғылынан С.Рахимов көшесіне дейінгі учаскесі көлік қозғалысы үшін ішінара жабылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс жағдайларын болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", – деп хабарлады әкімдікте.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу