Ауа райының нашарлауына байланысты елордалық жарақат пунктері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ересек адамдар мына жарақат пунктерінде қабылданады:
- Р. Қошқарбаев даңғылы, 66 (№1 көпсалалы қалалық аурухана);
- Ә.Молдағұлова көшесі, 28 (№3 көпсалалы қалалық аурухана).
Балалар жарақат пунктері келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:
- Р.Қошқарбаев даңғылы, 64 (№2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы);
- Желтоқсан көшесі, 2 (№2 қалалық емхана).
Дәрігерлер көктайғақта жарақат алмау үшін табаны ыңғайлы әрі жалпақ аяқ киім киюге, сондай-ақ балалар мен зейнет жасындағы тұрғындарға үйден шықпауға кеңес береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу