29-30 қыркүйекте Астанада Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкеге облыстың Семей, Өскемен қалалары және Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Зырян, Глубокое, Зайсан, Жарма, Тарбағатай, Күршім, Көкпекті, Шемонайха, Қатонқарағай, Ұлан, Үржар аудандарының ауылшаруашылығы тауар өндірушілері қатысады.
Жәрмеңкеде аясында елорда тұрғындарына 35 тонна бал, 6 тонна шұжық өнімдері, 11 тонна сүт өнімі, 13 тонна күнбағыс майы, 8 тонн жарма, 45 тонна жылқы еті, 10 тонна қымыз және ұлттық тағамдар, панты өнімдері, 200 тоннаға жуық көкөніс өнімдері, картоп және тағы басқалар ұсынылады. Барлығы 300 тонна ауыл шаруашылық өнімдері сатылады.
Өнімдер Астанадағы базар бағасынан 15-20 пайызға төмендетілген.