Астанада жарық өшкен кезде пәтер өртеніп, зейнеткер әйел қаза тапты

610

Бүгінгі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Астанада жарық өшкен кезде пәтер өртеніп, зейнеткер әйел қаза тапты Фото: видео скриншот

Астанада жарық өшкен кезде көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шығып, зейнеткер әйел қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 қазан күні сағат 00:22-де "101" пультіне Манас көшесі 3/1 мекенжайындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. 

Қалалық Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері бір минут ішінде оқиға орнына аттанған. 

"Өрт сөндірушілер келген кезде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде 18 шаршы метр аумақта үй заттары мен жиһаз жанып жатқаны анықталды. Елордалық құтқарушылардың күшімен өрт сағат 00.44-те сөндірілді", - делінген хабарламада.

Жоғарғы қабаттардан барлығы 51 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 14 бала болды.

"Оқиға орнында 1951 жылы туған әйелдің денесі табылды", - деп хабарлады ТЖД.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 16 адамы, 4 бірлік техника жұмылдырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу