Астанада жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы ауыр

766

Зардап шеккендер әлі тілге келген жоқ

Астанада жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы ауыр

Елордалық дәрігерлер газ баллонының жарылысынан зардап шеккендердің денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Кеше кешкі сағат 18:01-де біздің ауруханаға газ баллонының жарылысынан зардап шеккен екі адам түсті. Оның бірі – ер адам, екіншісі – әйел. Тексеру көрсеткендей, олардың тыныс алу жолдары ауыр зақымданған және денелерінің 50-70% күйік шалған (әйел 70%, ер адам 50%). Қазіргі уақытта екі пациенттің де жағдай нашар. Олардың өмірін аман алып қалу жолында барлық мүмкіндік жасалып жатыр. Басқа болжамдарды жасау әлі ерте. Оның үстіне, зардап шеккендер әлі тілге келген жоқ", – деді Астана қалалық №1 аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі Алексей Солод.

Айта кетейік, үшінші зардап шегуші Травматология жəне ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді.

15 наурыз күні кешқұрым Астанада Алаш тас жолы бойындағы "МолПродуктсервис" ЖШС-нің екі қабатты ғимаратында газ баллоны жарылған болатын. Салдарынан 3 адам зардап шекті. Түнгі сағат 01.18-де үйінділердің астынан әйел адамның денесі табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу