Астанада жас геологтардың халықаралық олимпиадасы басталды

357

Білім бәйгесіне бес елден 140 оқушы қатысуда.  

Астанада жас геологтардың халықаралық олимпиадасы басталды Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі телеграм

Астанада 4–12 шілде аралығында жас геологтардың VIII халықаралық далалық олимпиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Білім сайысына Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 140 оқушы қатысуда.

Олимпиада барысында қатысушылар минералогия, петрография, палеонтология, гидрология, магнитометрия, мұнай-газ геологиясы және өзге де бағыттар бойынша теориялық әрі практикалық тапсырмаларды орындап, геологиялық маршруттардан өтеді. Барлық кезеңдер геолог мамандарының нақты еңбек жағдайына барынша жақындатылып ұйымдастырылған.

Халықаралық олимпиаданы 2014 жылы құрылған "Жас геолог" корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті мен Энергетика министрлігінің қолдауымен ұйымдастыруда. Қордың қызметі еліміздегі жас геологтар қозғалысын дамытуға, өңірлердегі бейінді үйірмелер желісін кеңейтуге және мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруге бағытталған.

Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың геология ғылымына қызығушылығын арттыру, дарынды жастарды анықтап, оларды кәсіби тұрғыдан қолдау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу