Астанада көпқабаттың үйдің кіреберісінде ер адам 20 жастағы қызға шабуыл жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәбірленушінің түнгі уақытта үйіне келе жатқаны анықталды.
Үйінің есігіне жақындаған кезде ол орындықта отырған ер адамды байқаған. Қыз есікті ашып ішке кірген кезде ер адам оның артынан келіп, шабуыл жасап, сөмкесін жұлып алмақ болған. Бірақ қыз қашып үлгерген.
"Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында "Есіл" ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұрын тонау үшін сотталған 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тінту кезінде одан ас үй пышағы табылды", - деп хабарлады полициядан.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.