Астанада жас отбасыларға семинар-тренингтер өтеді

627

Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті.

Астанада жас отбасыларға семинар-тренингтер өтеді Фото: uzildep.uz

Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы елорданың жас отбасылары үшін білікті мамандардың қатысуымен Дәстүрлі отбасы институтын насихаттау бойынша семинар-тренингтер ұйымдастырады. Оларға қатысу үшін қала тұрғындары өтінім жіберуі тиіс.

Семинар-тренингтер елімізде танымал білікті мамандар мен үлгілі отбасылардың қатысуымен жастар арасында дәстүрлі отбасылық институтты насихаттау мақсатында өткізіледі. Отбасылық құндылықтарды түсіндіру, отбасылық қатынастарды нығайту, баланы жоспарлау және тәрбиелеу сияқты тақырыптар көтеріледі.

Семинар-тренингтер осы жылдың тамыз айында басталады.

Жоспарланған кездесулердің міндеттері:

• жас отбасы институтын қолдау;
• жастар арасында отбасының адам өміріндегі рөлін, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды құрметтеуді насихаттау;
• жас отбасылардың ажырасу коэффициентінің төмендеуі;
• бақытты неке құрудың негізгі аспектілерін түсіндіру;
• жас отбасылар арасында тыңдау және кері байланыс дағдыларын қалыптастыру.
• отбасылардың құқықтық, педагогикалық, психологиялық салауаттылығы үшін жағдайларды қамтамасыз ететін қаланың жас отбасылармен жұмысты ұйымдастыру;
• баланы тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі;
• ата-ана мен балалар арасындағы байланыс;
• жүктілікті жоспарлау және дайындалу;

Іс-шараларға Астанада тұратын, тренингтер басталғанға дейін некесін ресми тіркеген жас отбасылар қатыса алады. Ерлі-зайыптылардың біреуінің жасы 35 жастан аспауы керек. Қатысушылар @Elorda_jastary Instagram аккаунтына жазылуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу