Астанада жас жігіт жұмыс орнындағы ноутбуктерді ломбардқа өткізіп жіберген

171

Келтірілген шығын шамамен 700 мың теңгені құраған. 

Астанада жас жігіт жұмыс орнындағы ноутбуктерді ломбардқа өткізіп жіберген Фото: Pixabay.com

Астанада білім орталығының ноутбуктерін алаяқтық жолмен иеленген күдікті анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданы ПБ қызметкерлері алаяқтық жасаған 22 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Тергеу барысында жігіттің білім орталығынан үш ноутбукты заңсыз иеленгені анықталды.

Жігіт менеджер болып жұмысқа орналасып, төрт айға жуық жұмыс істегеннен кейін сенімге кіріп, пайдалануға арналған құрал-жабдықтарды алып, кейін ол гаджеттерді ломбардқа тапсырған.

Келтірілген шығын шамамен 700 мың теңгені құраған. Түскен қаражатты ол өз қалауы бойынша пайдаланған. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу