Астанада жасөспірім қыз балконнан құлап көз жұмды

613

Тергеу амалдары басталды.

Астанада жасөспірім қыз балконнан құлап көз жұмды

Елордада балконнан құлап қайтыс болған қызға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды  inbusiness.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тұран даңғылындағы тұрғын үй кешенінің балконынан құлаған 2005 жылы туған елорда тұрғынының қайтыс болу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, полициядан Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы мен өзге де деректері жария етуге жатпайтыны туралы ескертілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу