Астанада жасөспірім ота барысында қайтыс болды: ДСМ пікір білдірді

255

Қазір қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. 

Астанада жасөспірім ота барысында қайтыс болды: ДСМ пікір білдірді Фото: pixabay.com

Министрлік сот-медицина сараптамасының нәтижесі шыққаннан кейін осы жайтқа байланысты ресми ақпарат береміз деп отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер спикерден "Желіде Астанада 13 жастағы жасөспірімнің ота барысында қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Бұл рас па? Қандай ота жасалған?" деп сұрады.

"Өкінішке қарай, мұндай жағдай болды. Жасөспірімнің ата-анасына қайғырып көңіл айтамын. Бүгінгі таңда қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, оның ішінде сот-медицина сараптамасы да бар. Оның негізінде ресми хабарлайтын боламыз. Алдын ала бұл қатерлі гипертермиялық реакция, ол сирек кездеседі", - деп қысқа қайырды Ержан Нұрлыбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу