Қазіргі уақытта жасөспірімдердің 5 велосипед ұрлауға қатыстылығы белгілі болды.
Олар күндізгі уақытта велосипедтерді үйдің кіреберісінен еркін кіріп алып кеткен. Кейін ізін суытқан.
Дегенмен бейнебақылау камераларының көмегімен жас құқық бұзушылардың жүрген ізі анықталды.
"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған жасөспірімдермен алдын-алу әңгімелері жүргізілді, заңды өкілдеріне тапсырылды. Ұрланған бес велосипед тәркіленді", – делінген полиция мәліметінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу