Астанада жасөспірімді тонаған екі оқушы қыз сотталды

292

Сотталушылар сотта кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекеттеріне өкініп, оларды бас бостандығынан айырмауды сұраған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада жасөспірімді тонаған екі оқушы қыз сотталды Фото: anhor.uz

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің мүлкін тонағандарға қатысты қылмыстық істі қарады.

Олар жәбірленушіні ұрып-соғып, ұялы телефонын, күміс сақинасын және жемпірін тартып алып, жалпы құны 500 мың теңге материалдық залал келтірген.

Сот айыпталушылардың бірінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы белсенді рөлін және кәмелетке толғанын ескере отырып, оны 3 жылға бас бостандығынан айырды. Ал екінші сотталушы кәмелетке толмаған және залалды өз еркімен өтегендіктен, ол 1 жылға бас бостандығын шектелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу