Ғылым және білім министрлігі халықаралық қайта құру және даму банкімен бірлесіп, жастардың әлеуметтік жобаларына бәйге жариялады. 18-ден 29-жасқа дейінгі үміткерлер өз жобасын 18 мамырға дейін өткізуі тиіс. Биылғы байқауға кемінде 3 мыңнан астам адам қатысады деген үміт бар. Бас жүлдеге берілетін грант - 1 миллион теңге. Сонымен қатар, оқушылар арасындағы үздік жұмысқа - 26 мың, ал студенттерге 60 мың теңге көлемінде шәкіртақы тағайындалған. Әлеуметтік жобалар zhasprojekt.kz сайтында қабылданады, деп хабарлады 24Хабар.
"Жастардың әлеуметтік жобаларды жасағанын қалаймыз. Өзге конкурстарға қатыспаған жастар болады. Сонымен қатар, 2-3 адам болып бірігіп қатысса да болады. Мұндай ірі көлемде қаржы бөлінген жоба бұрын елімізде болмаған еді", – дейді үйлестіру агенттігінің ресми өкілі Максим Рожин.