Астанада "Жастар" сарайында өскелең ұрпаққа арнап іс-шара өткізілді

837

Қатысушылар әлеуетті жұмыс берушілермен әңгімелесіп, кәсібін қалай бастау және жүргізу туралы қажетті ақпарат ала алды. 

Астанада "Жастар" сарайында өскелең ұрпаққа арнап іс-шара өткізілді Фото: Астана қаласының әкімдігі

Іс-шараға қатысушыларға жастарға берілетін шағын несиелер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары, "Жасыл ел" жобасына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ, жастарды жұмысқа орналастыру үшін бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, онда Агрокредиттік корпорация, Кәсіпкерлер Палатасы және халықты жұмыспен қамту орталығы өкілдерімен консультациялар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 16 жұмыс беруші компания қатысты: "FORTEBANK" АҚ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК, "Банк ЦентрКредит" АҚ Астана қаласындағы филиалы, "Астана Тазалық" ЖШС, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы РММ ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және т.б.

Айта кету керек, Қазақстан Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" бағдарламасын жүзеге асыру аясында жас кәсіпкерлер конкурстық негізде жеңілдікті кредит ала алады.

27 жастағы кәсіпкер Айдана Сәден 3 жылдан бері бизнеспен айналысады. Ол көрші Қытай мен Түркиядан аяқ киім жеткізеді. Мемлекеттен көмек алу мүмкіндігі туралы естіген соң бірден өтініш беріпті.

"Мен өз бизнесімді кеңейту үшін мемлекеттен 2,5%-бен 5 миллион теңге алдым. Бұл тамаша мүмкіндік. Бұл қаражатты 5 жыл ішінде қайтарамын. Бизнес ашуды жоспарлап отырған жастарға осы мүмкіндікті пайдалануды ұсынамын", – деді елордалық кәсіпкер Айдана Сәден.

Жастар бұл бағдарлама туралы естігенімен, көпшілігі шарттарын біле бермейді. Сондықтан Астана қаласының жұмыспен қамту орталығы бағдарламаның әрбір тетігін түсіндіру үшін жастармен осы кездесуді ұйымдастырды. Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге беріледі.

Бүгінгі кездесуге Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалының директоры Әсет Көшкінбаев, қала әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Бақытбек Қабжанов, "Студенттік құрылыс және жастар отрядтарының республикалық қозғалысы" ҚҚ төрағасының орынбасары Асылбек Абдурашитов және т.б. қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу