Астанада жастарға арналған 20-дан аса денсаулық орталығы жұмыс істейді

467

Елордада мұндай орталықтар 2021 жылдан бастап дербес жұмыс істеп келеді. 

Астанада жастарға арналған 20-дан аса денсаулық орталығы жұмыс істейді Фото: gov.kz

Астанада қазіргі уақытта жастарға арналған 24 денсаулық орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жастарға арналған денсаулық орталығы (ЖДО) – жасөспірімдер мен жастарға медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсететін орталық. Елордада мұндай орталықтар 2021 жылдан бастап дербес жұмыс істеп келеді.

2023 жылы қала бойынша ЖДО саны едәуір өсті, бұл өз кезегінде жастар мен жасөспірімдер үшін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға әкелді. 

Мәселен, егер 2022 жылы ЖДО мамандарына 52 мыңнан астам адам жүгінсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш 2,2 есеге – шамамен 116 мың адамға дейін артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу