Астанадағы үш адамның өмірін қиған өрт: жатақхана иесі 5 жылға сотталды

152

Былтыр бас қалада жатақхана өртеніп, үш адамның қаза тапқан болатын. Оның ішінде біреуі кәмелетке толмаған еді.  

Астанадағы үш адамның өмірін қиған өрт: жатақхана иесі 5 жылға сотталды Фото: sud.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі анықтау басқармасының үйлестіруімен Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылғы маусымда болған жатақханадағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу Қылмыстық кодексінің 292-бабы 3-бөлігі: екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бойынша жүргізілді.

Жатақхана иесі шарттар мен қажетті құжаттарды рәсімдемей бөлмелерді заңсыз жалға бергені анықталды. Өрт қауіпсіздігі талаптары туралы түсіндірме жүргізетін қызметкерлерді елемей, олардың талаптарына құлақ аспаған, ғимаратта өрттен қорғау құралдары болмаған.

Сот талқылауы барысында сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа материалымен де дәлелденді.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен жатақхана иесі кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу