Астанада жатақхана өртеніп, 28 жастағы ер адам көз жұмды

1113

Астанада жатақхана өртеніп, 28 жастағы ер адам көз жұмды

Түнгі сағат 02:50-де Байқоңыр ауданы Алаш тас жолында орналасқан жатақхана етіп жабдықталған контейнерлердің бірі өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІД ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Жалын шарпыған аумақ - 150 шаршы метр. Мұнда 25 адам тұрып жатқан. Олардың барлығы - қоқыс өңдеу зауытының жұмысшылары.

Өрт таңғы сағат 04:27-де ауыздықталып, 05:04-те толық сөндірілді. Оқиға орнынан бір жұмысшының денесі табылды. Ол 1990 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға астаналық өрт сөндіру қызметінің 19 қызметкері және 5 арнайы техникасы жұмылдырылды.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу