Астанада жатақхананың жоғарғы қабаты толық өртеніп кетті

215

Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойындағы мансард үлгідегі жатақхананың 6-қабатты ғимаратында өрт шықты.  

Астанада жатақхананың жоғарғы қабаты толық өртеніп кетті Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Нысаннның жоғары бөлігі толығымен жанып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт мансард үлгісінде салынған 6-қабатта болып жатқаны анықталды.

Келген сәтте қабат толығымен отқа оранған еді. Дереу газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары құрылып, барлау жұмыстары басталды. ТЖМ күштерімен суды үздіксіз жеткізу қамтамасыз етілді.

Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 50 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. Өрт 1600 ш.м. алаңда толығымен сөндірілді.

Өрт орнында өрт зерттеу сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеуде.

Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу