Астанада жауын қашан басылады?

179

Қазгидромет ауа райының қашан өзгеретінін айтты. 

Астанада жауын қашан басылады? Фото: Владимир Третьяков

Қазақстан астанасында бұл күндері жаңбыр толассыз жауып тұр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, 8 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр сақталады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 13-15 градус жылы.

  • 9 қыркүйекте синоптиктер жаңбыр жауады деп болжап отыр. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 17-19 градус жылы.
  • 10 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік бағыттағы жел, секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 19-21 градус жылы.
  • 11 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 20-22 градус жылы.
  • 12 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 18-20 градус жылы.
  • 13 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 18-20 градус жылы.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу