Астанада жауынгерлік өнер қауымдастығы құрылды

1902

Ұйымның президенті сайланып, жарғысы бекітілді.

Астанада жауынгерлік өнер қауымдастығы құрылды

Астана қаласының әкімдігінде олимпиадалық емес спорт түрлері федерацияларының қатысуымен отырыс өтті. Күн тәртібінде Астана қаласы бойынша Жауынгерлік өнер қауымдастығын құру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Кездесуге Қазақстанның Жауынгерлік өнер қауымдастығы аясына енген барлық 20 федерацияның өкілдері келді. Кездесу соңында жиналғандар Астана бойынша Жауынгерлік өнер қауымдастығын құру туралы бір шешімге келді.

Сонымен қатар, ұйымның президенті сайланып, жарғысы бекітілді. Ортақ шешіммен Астана қаласы бойынша Жауынгерлік өнер қауымдастығының президенті болып Батырбек Кәкім сайланды.  

Айта кетейік, Қазақстанның Жауынгерлік өнер қауымдастығы еліміздің 14 облысы және Алматы, Шымкент қалаларында да құрылады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу