Астанада жедел-жәрдем бригадаларының жарысы өтеді

878

Астанада жедел-жәрдем бригадаларының жарысы өтеді

25-мамыр күні Жерұйық саябағында жедел жәрдем бригадалары арасында екінші республикалық сайыс өтеді. Бұл туралы astana.gov.kz хабарлайды.

Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Қызылорда, Өскемен, Орал, Көкшетаудан келген 10 команда өзара кім мықтыны анықтамақ. Сайыстың мақсаты – ұлттық және халықаралық стандарттарды ескере отырып, тұрғындарға жедел көмек көрсету дағдыларын дамыту. Қатысушылар жедел әрекет ету арқылы анафилактикалық шок, жаңа туған сәбиді реанимациялау және жарақат алғанда көмек көрсету бойынша клиникалық бекеттерден өтуі тиіс.

Жедел-жәрдем қызметінің бригадирлеріне арналған алғашқы жарыс "Астана" оқу-клиникалық орталығының бастамасымен 2016 жылдың маусым айында қысқы Универсиада-2017 шарасы қарсаңында Алматы қаласында өткізілген болатын. Биыл ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу