Астанада жедел жәрдем шақырушылар саны күрт артты

378

Соңғы екі аптада жедел жәрдем шақыру саны 2,5 есе жағдайға дейін артты.

Астанада жедел жәрдем шақырушылар саны күрт артты Фото: Ашық дереккөзден

Мамандар күннің қатты ыстық болуына байланысты елорда тұрғындарына күндізгі уақытта көшеде көп жүрмеуге кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта Астанада ыстық ауа райы сақталып тұр. Соңғы екі аптада жедел жәрдем шақыру саны 2,5 есе жағдайға дейін артты. Әсіресе, 55 жастан асқан тұрғындар арасында қан қысымының көтерілуі жиі кездеседі. Бұған ыстық ауа райы әсер ететінін жоққа шығармаймыз", - деді Астана қалалық жедел жәрдем станциясы ақпараттық-жедел диспетчерлік бөлімінің меңгерушісі Сабыр Нарқұлов.

Дәрігер сағат 12:00-ден 16.00-ге дейінгі аралықта көшеге шықпауға кеңес берді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу