Астанада жедел жәрдем станциясындағы 700 млн теңгелік іс бойынша үкім шықты

427

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.  

Астанада жедел жәрдем станциясындағы 700 млн теңгелік іс бойынша үкім шықты Фото: ЖИ

Астанада жедел медициналық жәрдем станциясында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында 2020–2023 жылдары елордалық жедел жәрдем станциясының бұрынғы басшылары мен жауапты қызметкерлері санитарлық көліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге бөлінген қаржыны заңсыз иемденуді ұйымдастырғаны анықталған.

Сот мәліметінше, осы әрекеттердің салдарынан жарамды жедел жәрдем көліктерінің саны 149-дан 32-ге дейін азайған.

Мемлекетке келген шығын көлемі 700 млн теңгеден асқан. Оның 440 млн теңгеден астам бөлігі сот шешімімен өндірілетін болды. Ал жедел жәрдем орнына такси қызметін пайдалануға жұмсалған 300 млн теңгеден астам қаражатты қайтару мәселесі азаматтық сот тәртібімен қаралады.

Сот бұрынғы үш қызметкерді Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 8 және 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Сонымен бірге сотталған азаматтарға мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу