Астанада жеделсаты ішінде ер адам әйелін соққыға жыққан

968

Әйел адам 102 нөміріне хабарласып, көмек сұрап үлгерген. 

Астанада жеделсаты ішінде ер адам әйелін соққыға жыққан Фото: polisia.kz

Полиция мәліметінше, "102" арнасына елорданың 36 жастағы тұрғыны өзін күйеуі ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"42 жастағы ер адам жеделсатыға кірген соң, балағат сөздер айтып, әйелін қорқытып-үркітіп, ұрғаны анықталды. Белгілі болғандай, ер адамның жұбайына бұл бірінші рет қол көтеруі емес. Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге қамауға алынды".

Сондай-ақ қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мақсатында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері әрбір учаскеде барынша пысықтауды жүргізілетіні нақтыланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу