Алаяқтық жасау мақсатында ЖШС құрылтайшысы әлеуметтік желілерде Еуропа елдерінде жалақысы жоғары жұмысқа орналасуға көмектесетіні туралы хабарландырулар жариялады. Осылайша, 68 жәбірленушінің қаржысын бірнеше рет жымқырған, деп жазады inbusiness.kz.
Сотталушының кінәсі дәлелденді. Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар, яғни кәмелетке толмаған баланың болуын және соттылығының жоқтығын ескере отырып жаза тағайындады.
Сот қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ. Осы баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, 6 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көзделген.
Айыпталушы бірнеше рет жасалған алаяқтық фактісі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.