Астанада жеке тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді

256

Зардап шеккендер жоқ.

Астанада жеке тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді Фото: Бейнежазбадан

Астана қаласының Байқоңыр ауданында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға С. Сейфуллин көшесінде өткен түні болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мансардалы екі қабатты үйдің мансардасы мен екінші қабатының төбе жабындысы өртенген. Оқиға орнына жеткен алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері мансарданың ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.

Құтқарушылар жедел түрде өрт сөндіру жұмыстарына кірісіп, тілсіз жауды 80 шаршы метр аумақта толық сөндірді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, электр сымдары мен жылыту құрылғыларының жарамдылығын үнемі тексеріп отыруға шақырады. Өрт шыққан жағдайда 112 нөміріне хабарлау қажет. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу