Астанада жеке тұрғын үйге газ тарту үшін шамамен 1000 доллары қажет. Бұл туралы энергетика басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев Астанадағы көк түтінді жоюға қатысты өткен жтиында айтты.
Оның мәліметінше, бүгінгі таңда Астананы газдандырудың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Газдандыру бойынша негіздемені маусым немесе шілде айында аяқтауды жоспарлауда. Осыдан кейін жобалық-сметалық құжаттама жұмыстары жасалып, жобаны жүзеге асыру қолға алынады.
Бақтыбек Жапаевтың айтуына қарағанда, магистральдық газ бойынша мәселе әлі үкіметте шешілмеген. Бірақ, қаралуда.
Айта кетейін, газдың қазіргі құны текше метріне 110 теңге. Әзірге осы бағаны "Глобал газ" белгілеген. Бірақ, "Глобал газ" субсидия алу үшін мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында өтінім беріп отыр. Қаңтар айының соңына қарай олар оң немесе теріс жауап алады. Егер оң шешім шыққан жағдайда газдың текше метрі 35 теңге тұратын болады. Ал, энергетика министрі астанада көк түніннен арылтудың жолы тек осы газдандыру деп айтқан болатын.
Қанат Бозымбаев, ҚР энергетика министрі:
"Әрине, көмірдің арзан жылу көзі екені түсінікті. Оның үстіне көмір қоры Астанаға жақын, ал газ алыс. Бірақ қандай көмір жақсаңда бәрібір түтінен құтылмаймыз. Құтылаймыз, егер Елордаға газ жеткізілген кезде ғана. Қазір техникалық құжат Үкімет басшысының алдында тұр. Жолдары қарастырылып жатыр. Экологияның таза болғанын Үкімет те қалаймыз. Әзірге шыдамдылық татытуға тура келмек".