Полицияға елорданың 61 жастағы тұрғыны арызбен жүгініп, оның үйін күндізгі уақытта тонап кеткені туралы хабарлаған.
Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақмола облысының 47 жастағы тұрғынын анықтады. Тергеу барысында, ер адам Алтынсарин көшесіндегі жеке үйге келгені анықталды.
Қылмыстық ниетпен ол алдымен үй иелері мен күзетілетін иттің бар-жоғын тексерген, содан кейін қоршаудан секіріп кіріп, үйдің терезесіндегі темір торды бұзу арқылы үй-жайға кірген. Ұры зергерлік бұйымдар мен 1 мың АҚШ долларын қолды қылған. Жалпы шығын сомасы 900 мыңға жуық теңгені құрады.
Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматтың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Сонымен қатар ер адамның осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталғаны анықталды.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, сапалы есік құлыптарын, темір торларды орнатуға және жеке үйлердің қақпаларын ашық қалдырмауға ескертеді.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.