Астанадағы жекеменшік балабақшаның бірінде өрт болды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.
"13 қыркүйекте Сарыарқа ауданындағы "Көктал-1" тұрғын алабындағы "Балдәурен" балабақшасында жеке тұрған асхананың төбесінің қаптамасы өртенді. Өрттің аумағы 30 шаршы метр. Өрт 07:51-де пайда болып, 08:15 кезінде сөндірілді. Төтенше жағдай кезінде 1973 жылы туған балабақша қызметкері улы газбен уланып, ауруханаға жеткізілді", - деді Руслан Иманқұлов.
Төтенше жағдайды жою үшін 12 өрт сөндіруші мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу