Астанада медицина көлігімен базардан кілем тасыған

237

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Астанада медицина көлігімен базардан кілем тасыған Фото: Бейнежазбадан

Бейнежазбаға қатысты қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеме жасап, көліктің жедел жәрдем станциясына тиесілі емес екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Басқарма мәлім еткендей, көлік "Қалалық психикалық денсаулық орталығына" тиесілі болып шықты.

"Жүргізуші шаруашылық бөлімі басшысының нұсқауымен орталық базар аумағына балалар бөліміне сатып алынған кілемді алып кету үшін барған. Осы оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп, қызмет көліктерінің рұқсат етілмеген мақсатта пайданылғаны анықталды", – делінген хабарламада.

Басқарма жүргізуші мен шаруашылық бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланып, тәртіптік шаралар қолданылғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу