Астанада жеңіл көлік аялдамаға соғылды

633

Зардап шеккендер бар.

Астанада жеңіл көлік аялдамаға соғылды Фото: Polisia.kz

Астанада көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдамадағы адамдарға соғылды, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"29 қыркүйекте сағат 08.31-де "Mеrcedes-Benz" автокөлігі А.Байтұрсынұлы көшесімен Т.Жүргенов көшесіне қарай келе жатып, жолақ ауыстырар кезде өз бетімен кетіп бара жатқан "Mazda" көлігіне апат жағдайын туындатқан. Салдарынан "Mazda" көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, аялдамаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шегушілер медициналық мекемеге жеткізілді", - деп жазылған Астана қаласының Полиция департаментінің дерегінде.

Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Зардап шеккендер арасында қаза болған ешкім жоқ", дейді Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу