Астанада жеңіл көлік LRT бағанасына соғылды

682

Жүргізуші алған жарақатынан қайтыс болды. 

Астанада жеңіл көлік LRT бағанасына соғылды Фото: Әлеуметтік желі

Астана полиция департаменті Арыс көпіріндегі жан түршігерлік апатқа қатысты пікір білдірді.

"29 маусымда таңғы сағат 06:04 шамасында Арыс көпірінде Сығанақ көшесімен Ш.Қалдаяқова көшесіне қарай келе жатқан Chevrolet Malibu жүргізушісі рульді басқара алмай, бетон тірекке соғылған (LRT бағанасы). Салдарынан оқиға орнында 43 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан көз жұмды", - деп хабарлады ведомстводан.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу