Астанада жеңілдік және мектеп көлік карталарын 18 кассадан рәсімдеуге болады

307

Карталарды 17 қазаннан бастап 18 станциядан рәсімдеуге болады.

Астанада жеңілдік және мектеп көлік карталарын 18 кассадан рәсімдеуге болады Фото: Astana news

17 қазаннан бастап елордада оқушылар мен жеңілдік санатындағы азаматтарға арналған атаулы көлік карталарын Tarlan Astana-ның 18 станциясындағы кассалардан рәсімдеуге болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы CTS компаниясына сілтеме жасап, Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жаңа кассалар тұрғындарға мектеп және жеңілдік көлік карталарын рәсімдеуді жеңілдетеді. Бұл карталармен қалалық автобустарда және Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігінде жолақысын төлеуге болады.

Мектеп көлік картасын елордадағы оқу орындарында білім алатын 7 мен 18 жас аралығындағы оқушылар рәсімдей алады. Ол үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігі, баланың ЖСН көрсетілген туу туралы куәлігі, Астанадағы оқу орнынан анықтама және түрлі түсті фотосурет қажет.

Ал жеңілдік көлік картасын Астанада тіркелген және тұрақты тұратын, қалалық мәслихат бекіткен жеңілдік санаттарына жататын азаматтар ала алады. Ол үшін жеке куәлік немесе төлқұжат, зейнеткерлік куәлік және фотосурет қажет.

Құжаттарды рәсімдеу кезінде eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық құжаттарды, соның ішінде "Әлеуметтік ID"-ді де пайдалануға болады.

Жеңілдік санатына жататын азаматтардың толық тізімі CTS сайтындағы жария шарттың қосымшасында көрсетілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу