Астанада Жеңіс лентасы таратылады

944

Астанада Жеңіс лентасы таратылады

Жеңіс күні қарсаңында 6 мамыр күні "Жеңіс лентасы" атты патриоттық акция шеңберінде "Бәйтерек" монументінің алаңында, Студенттер саябағында және де "Хан шатыр" ОСО алдында сағат 10:00-ден 18:00 дейін "Жеңіс лентасы" мен төсбелгілер таратылады. Акция 9 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарының тілегін ескерген Астана қаласының әкімдігі 5 мамыр күні (сағат 10:00-нан 18:00 дейін) "Бәйтерек" монументі алаңында жеңіс лентасын тарататын орынды ашады.

Жеңіс лентасы ұзындығы 30 см жібек матадан жасалған, ені 3 см аспан түстес және ортасына ұлттық нақыштағы алтын түсті ою-өрнек жүргізілген. Лентаның ұшына Отан соғысының Ордені (деңгейі көрсетілмеген) бейнеленген, ол халқымыздың Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерлігі мен жаужүрек батыр екендігін білдіреді.

Лента "9 Мамыр – Жеңіс күні. 1941-1945 жылдар" атты жазуы бар төсбелгімен бекітіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу