9 мамыр күні елордадағы Триатлон саябағында Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған жеңіл атлетикадан эстафета өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Эстафета қатысушылары 10 кезеңнен тұратын 2200 м қашықтықты Триатлон саябағының ішінде еңсерді. Жарыс төрешінің берген белгісі бойынша басталды.
Эстафетаның қорытындысы бойынша жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында № 22 мектеп-гимназиясы топ жарды. Ал, екінші орын №32 мектеп-гимназиясының еншісінде, үздік үштік қатарынан №27 мектеп-лицейі көрінді.
Орта оқу орындары арасында бірінші болып мәреге жеткен Астана халықаралық университеті Педагогикалық колледжінің студенттері. Ал, Жоғары көлік және коммуникация колледжі екінші орынға тұрақтаса, Astana IT University студенттері жеңіске жетті.
Жоғары оқу орындары арасында Астана халықаралық университетінің (AIU) студенттері жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл сында екінші орын Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне (ҚазАТЗУ) бұйырса, Астана медицина университетінің студенттері үшінші орынды місе тұтты.
Жарыста жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар медальдармен, командалық кубоктармен және дипломдармен марапатталды.
Айта кетейік, іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтті.