Астанада жеңістің 80 жылдығына орай өтетін әскери шеруге 2,5 млрд теңге бөлінбек

452

Шеруге барлығы 4,5 мыңға жуық адам қатысады. 

Астанада жеңістің 80 жылдығына орай өтетін әскери шеруге 2,5 млрд теңге бөлінбек Фото: Қорғаныс министрлігі

Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Астанада әскери шеру өтеді. Шерудің ұйымдастыру жұмыстарына бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлінбек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі, полковник Виталий Адамович мемлекеттік бюджеттен бөлінетін 2,5 миллиард теңгенің неге жұмсалатынын тізбектеп берді.

“Бұл қаражат жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға, іссапар шығындарына, әскерлер қозғалысына және форма тігуге жұмсалады. Әскери шеру үш кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – тарихи және заманауи бөлімнен тұратын жаяу шеруі экипаждарының жүріп өтеді;
Екінші кезең – механикалық техника жүріп өтеді;
Үшінші кезең – авиация ұшып өтеді”, – деді Виталий Адамович. 

Сондай-ақ алғаш рет алаңда Қазақстан аумағында жасақталған әскери бөлімдер – 23 дивизия мен бригадалардың жауынгерлік тулары мен Әскери тарих мұражайында сақталған Т-34 танкіндегі Жеңіс туының көшірмесін алып өтеді. 

Шеру кезінде соңғы жылдары сатып алынған қару-жарақ пен әскери техниканың соңғы үлгілері де көрсетілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу