Астанада "Жер сағаты" науқаны өтеді

337

Оған бүкіл әлемнен 2 млрд-тан астам адам қатысады. 

Астанада "Жер сағаты" науқаны өтеді Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада 23 наурыз күні "Жер сағаты" халықаралық экологиялық акциясы өтеді. Іс-шара жыл сайын Астана тұрғындары тарапынан қолдау табады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Жер сағаты" акциясы 23 наурыз күні сағат 20:30-дан 21.30-ға дейін өткізіледі. Астаналықтар ғаламшардың болашағына бей-жай қарамай, аталған уақытта жарық пен тұрмыстық электр құралдарын өшіріп, маңызды акцияға атсалысуға шақырылады.

"Жер сағаты" – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қамқорлығымен жыл сайынғы халықаралық өткізілетін науқан, оған бүкіл әлемнен 2 млрд-тан астам адам қатысады. Акцияның мақсаты – планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.

Астанада мемлекеттік органдармен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен қатар акцияны сауда-ойын-сауық орталықтары, ірі спорт кешендері мен бизнес субъектілері қолдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу