Жәрмеңкеге тәжірибелі, танымал домбырашылар да, келешегінен зор үміт күттіретін жас таланттар да қатысты.
"Күй жәрмеңкесін жетінші рет өткізіп отырмыз. Біздің басты мақсатымыз – жастарды ұлттық өнерге баулу, патриоттық сезімін арттыру", – деді "Күй анасы" республикалық қорының басшысы Төлеген Қуанышев.
Домбыра үні мен ұлттық күйлерді тыңдау үшін қала тұрғындары мен қонақтары жиналды.
"Мен үйіме асығып кетіп бара жатыр едім, кенеттен домбыраның сиқырлы үнін естідім. Дана халқымыз "Жаратқан иеміз әр қазақтың жан дүниесіне күйдің бір бөлшегін енгізіп қойған" дейді. Мен бұл пікірмен толық келісемін. Шынында да, біздің жеріміз таланттарға бай. Бүгінгі іс-шара – осының бір дәлелі", - деді астаналық Мадина Сабитова.