Астанада Жібек жолы елдерінің бірлескен инновациялары талқыланды

866

Астанада Жібек жолы елдерінің бірлескен инновациялары талқыланды

Елордада Астана қаласы әкімдігінің, ШЫҰ хатшылығының, Назарбаев университетінің қолдауымен "Жаңа күш, жаңа өмір: Жібек жолының бірлескен инновациялары" І халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Бұл "Бір белдеу-бір бағыт" және "Нұрлы жол" ғаламдық жобаларды өрлету бойынша ірі халықаралық форум.

"Біз ғалымдардың, үкімет, үкіметтік емес сектордың және бизнес өкілдерінің күш-жігерін біріктірудеміз. Соның аясында бәз аталмыш жобаларды іске  асырудың нақты жолдарын, ғылыми кеңестердің өндірісін талқылаймыз. Бұл өз алдына "Бір белдеу-бір бағыт" және "Нұрлы жол" жобаларының сапалы іске асырылатынына сенім ұялатады", - деді G-Global халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков.

Форум барысында қатысушылар медицина, электронды коммерция және логистика, "жасыл" экономика мен энергияның дамуы, Жібек жолы елдерінің инновация саласында қайырымдылық саласында ынтымақтастық әлеуетін талқылады.

Өңірде "Бір белдеу-бір бағыт" бағдарламасының іске асырылуы елімізде туризмнің дамуына әсер етеді. Астана 2020 жылға арналған стратегияны іске асыру барысында туристік орталыққа айналады.

"Біз алдымызға алдағы уақытта қол жеткізгіміз келетін нақты міндеттерді қойдық. ЭКСПО-2017 көрмесі соның айғағы, сондай-ақ көрме аясында өткізіліп жатқан шаралар да соған дәлел. Атап айтқанда елорданың туристік әлеуетін дамыту үшін атқарылып жатқан істер аз емес, биыл ЭКСПО көрмесі аясында Астанаға 3 млн-нан астам турист келді, 150-ден астам форум мен конференция өткізілді",- деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.

Форумға 150-ден астам адам қатысты, оның ішінде Қытай, Ресей, Үндістан, Тәжікстан, Өзбекстан және т.б. мемлекеттерден келген қонақтар бар.

Форумның қорытындысы бойынша келісім мен ынтымақтастық жөнінде бірқатар меморандумға қол қою жоспарлануда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу